Көктем мерекесі — Наурыз қарсаңында Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының кураторлары Якубаева К.С. мен Ешимов М.П. «19 наурыз – «Жаңару күні»: жаңару және жасампаздық күні» тақырыбында шетелдік студенттермен тәрбиелік іс-шара өткізді.
Студенттер Қазақстанда 14–23 наурыз аралығында Наурыз мейрамына арналған мерекелік және мәдени іс-шаралардан тұратын Наурызнама онкүндігі өтетінін білді.
19 наурыз – «Жаңару күні» өзгерістерді, өсуді және прогресті білдіреді. Бұл күні бүкіл ел бойынша ағаш отырғызу бойынша жалпыұлттық акция өткізіледі, ол өмірдің барлық салаларындағы жаңарудың символы болып табылады.
Басқа жаңалықтар
9 қараша 2026