«Бір күн – бір кабинет»: Тазалықтан басталатын өзгерісFarabi University

«Бір күн – бір кабинет»: Тазалықтан басталатын өзгеріс

17 наурыз, 2026

ТДМ 4. 2026 жылғы 17 наурыз күні Журналистика факультетінің Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Бір күн – бір кабинет» атты іс-шара ұйымдастырылды.

Аталған бастаманың басты мақсаты – білім алушылардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру, оқу кеңістігінің тазалығы мен эстетикалық келбетін жақсарту, сондай-ақ ұжымдық еңбек мәдениетін қалыптастыру.

Іс-шараға кафедраның «Баспа ісі», «Сандық медиадағы драматургия», «Дизайн», «Медиадизайн» білім беру бағдарламаларының студенттері белсенді қатысып, әр топ өздеріне бекітілген аудиторияларда тазалық жұмыстарын жүргізді.

Тазалық жұмыстары барысында парталар мен орындықтар мұқият сүртіліп, терезелер тазартылып, аудиториялар жуылды. Сонымен қатар студенттер әр кабинет безендірілуіне ерекше мән беріп, оқу кеңістігін көркейтуге атсалысты.

Қабырғаларға білімге, тәртіпке және еңбекке үндейтін мотивациялық дәйексөздер ілініп, әр аудиторияда пайдалы ақпараттық бұрыштар жасақталды. Бұл бұрыштарда кәсіби бағыттағы мәліметтер, оқу үдерісіне қажетті кеңестер мен танымдық ақпараттар орналастырылды.

Шара барысында студенттер жоғары ұйымшылдық пен жауапкершілік танытып, бірлескен еңбектің жарқын үлгісін көрсетті.

«Бір күн – бір кабинет» акциясы тек тазалық шарасы ғана емес, сонымен қатар тәрбие мен мәдениетті қалыптастырудың маңызды құралы екендігін дәлелдеді. Мұндай бастамалар студенттердің экологиялық санасын арттырып, еңбекке деген құрметін және қоғамдық белсенділігін нығайтады.

Аталған акция оқу орнының тазалығы мен көркеюіне үлес қосып қана қоймай, студенттердің бірлігі мен ұйымшылдығын арттырған маңызды шара болды. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табатыны сөзсіз.

 

Кафедраның оқытушылары:

А.Қалибекқызы,

Н.Тлеубаева,

М.Альмухаметова,

А.Тілепберген

                                                                                                                                                               М.Тасболатова