«Тастамашы, ана»Farabi University

«Тастамашы, ана»

12 наурыз, 2026

2026 жылдың 12 наурыз күні «7M02313 – Қазақ филологиясы» мамандығының 1-курс магистранттары «Тұрақты даму мақсаттары» аясында ұйымдастырылған іс-шараға қатысып, «Тастамашы, ана» фильмінің көрсетіліміне барды. Аталмыш танымдық шараны ұйымдастырушылар пән оқытушысы – Б.Р. Құлжанова және докторант практикант – С.Д. Қосназарова.

Шараның негізгі мақсаты – жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын дәріптеп, қоғамдағы өзекті әлеуметтік мәселелерге назар аударту. Магистранттар фильмді тамашалай отырып, өмірдің қадірі, отбасылық жылулық пен мейірімділік туралы терең ой түйді. Көрсетілімнен кейін «Тұрақты даму мақсаттарының» негізгі қағидаттарына сүйене отырып, фильмнің идеясы магистранттар арасында кеңінен талқыланды.

Мұндай форматтағы іс-шаралар болашақ филолог мамандардың тек кәсіби біліктілігін ғана емес, сонымен қатар азаматтық ұстанымы мен эмпатиясын қалыптастыруға үлкен үлес қосатыны сөзсіз.