- Басты бет
- Жаңалықтар
- III Қ.Б. Жарықбаев оқулары «Цифрлық қоғамдағы психология: зерттеу әдіснамасы, клиникалық және қолданбалы шешімдері»
III Қ.Б. Жарықбаев оқулары «Цифрлық қоғамдағы психология: зерттеу әдіснамасы, клиникалық және қолданбалы шешімдері»
Сіздерді профессор Қ.Б. Жарықбаевты еске алуға арналған «Цифрлық қоғамдағы психология: зерттеу әдіснамасы, клиникалық және қолданбалы шешімдері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз.
Конференцияның мақсаты: қолданбалы психология саласындағы озық идеялар бойынша тәжірибе алмасу, Қазақстандық және әлемдік ғылым мен практиканың дамуына ғалымдардың қосқан үлесі мен тәжірибесін тарату. Конференция аясында Қазақстандық педагогика және психология ғылымының негізін қалаушы ғалым, профессор Қ.Б. Жарықбаевтың педагогика және психология салаларындағы ғылыми зерттеулерді қолданудағы жетістіктері, жаңалықтары және практикалық мәселелерін дамытуға қосқан үлесін насихаттау.
Конференцияға зерттеушілер, ғалымдар, жоғары оқу орындарының профессорлық - оқытушылар құрамы, білім беру жүйесінің басшылары, мұғалімдер, докторанттар, магистранттар, студенттер, жас зерттеушілер, психология және әлеуметтік ғылым саласындағы мамандар қатыса алады.
Конференция 2026 жылдың 20 наурыз айында офлайн және онлайн форматта өтеді.
КОНФЕРЕНЦИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ:
· 1-секция. Әлемдік психологиядағы тәуелді мінез-құлық пен стрессті зерттеулерге методологиялық шолу.
· 2-секция. Цифрлық ойлау психологиясы және адамның жасанды интеллект жүйелерімен өзара әрекеттесуі.
· 3-секция. Тұлғалық әлеует және белгісіздік пен ортаның жоғары құбылмалылығы жағдайындағы өзін өзі реттеу.
· 4-секция. Клиникалық психологияның өзекті зерттеулері.
Басқа жаңалықтар