AIKYN.KZ, INFO.AIKYN.KZ

18 мамыр, 2016

Үздік болуға ұмтылыс

Үздік болуға ұмтылыс. Оқу ордасы QS рейтингісі бойынша 800 білім беруші университеттер арасынан 275-орынды иеленсе, ал ТМД елдерінің алдыңғы қатарлы оқу орын­дары­ның арасында білім берудегі жетістіктерімен және толықтай білім беруге қажетті инструменталдық жағдаймен қамсыздандырылуына байланысты алдыңғы шепте тұр. Білім ордасы заманауи талаптарға сай жаңа өзгерістерімен жастардың көңіліне қуаныш сыйлап отыр. Оған себеп, студенттер тек білім алумен ғана шектелмей, өнердің түрлі сала­сына қызығушылығына қарай бойындағы дарынын арттыруға зор мүмкіндіктер жасалған. Сонымен қатар денсаулыққа баса назар аудартуға мүмкіндік беретін спорттық кешен өз жұмысын жалғастыруда. Өткен жылы жаңа сәулеттік безендірумен айшықталған «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы шымылдығын айқара ашты. Орталықта аз уақытта қолжетімді бағамен түрлі қызметтерді алуға жағ­дай жасалған. Атап айтар болсақ, университеттің оқу үдерістерін мүл­тік­сіз қадағалайтын тіркеу-кеңсесі, бухгалтерия, төлқұжат беру кең­сесі, тәжірибеден өту, жұмысқа орналасуға қатысты кез келген жедел ақпарат алуға мүмкіндіктер көп. Заманауи жабдықтармен қамтылған диагностикалық орталық, студенттерге түрлі бағытта қызмет көрсете­тін студенттік ұйымдар кеңсесі, шағын дүңгіршектер, сән салоны, құжаттық қызмет көрсететін орталықтар жүйелі бірлікте, ұйымдасқан түрде жұмыла жұмыс атқаруда. Оқу ордасы қоғамның фундаменталды бағытта қалыптасқан түрлі мамандықтары бойынша болашақ жас мамандарды даярлап отыр. Мамандық иелерінің біліктілігін арттыру­мен қатар Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жастарға бағытталған басты талабы – «Үш тұғырлы тіл» саясатының шеңберінде шетелдік оқу орындарымен тығыз байланыс орнатып, түрлі мамандық шеңберінде академиялық мобильділікті арттыру жолға қойылып, арнайы ұйымдас­тырылған бағдарламалар арқылы білім алуға жағдай жасалып жатыр. Университеттің жаңашыл-озық формациясын жасау мақсатында ҚазҰУ «Аl-Farabiuniversitysmartcity» ғылыми-инновациялық жоба­сын үздік нәтижемен жүзеге асырып келеді. Осы жобаның аясында көптеген ілкімді істер атқарылып, жаңа өрлеу мен дамудың циклдік жүйесі енгізілді. Басты мақсат бойынша 2020 жылға қарай еліміздің кемінде екі жоғары оқу орны әлемнің үздік топ университеттері рей­тингі­нің қатарына енуі қажет. Осы негізде университет қолға алған «Al-Farabiuniversitysmartcity» жобасы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың алға қойған осы мемлекеттік маңызды тапсырмасын жүзеге асырудың әдістемелік негізіне айналып үлгерді.  Философия және саясаттану факультетінде түрлі гуманитарлық бағытта жан-жақты білім беретін кафедралар жұмыс істеуде. Осы ка­федралардың бірі «Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс» кафедрасы. Аталған кафедраның тарихи тағылымды жетістіктері мен атқарған қарымды жұмыстары көңіл көншітерлік. Бұған дәлел – Қазақстанда алғаш рет «Әлеуметтану» мамандығының іргетасы қаланып, негізін салушы ғалым-профессорлар қауымдастығы үздіксіз жұмыс атқарып келеді. Білікті оқытушылар құрамының көпшілігі шетелдік үздік жоғары оқу орындарының білім тәжірибесін меңгеріп, білім беруде түрлі базалық әдіс-тәсілдерді тиімді қолданып, озық білім беруде. Қазіргі таңда қажеттілік деңгейі күннен күнге өсіп отырған жаңа ма­ман­дық түрінің бірі – «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы. Өмірдің қиын да бақытсыз жағдайына тап болған, көмекке зәру, әлсіз топтары­на материалдық, ақпараттық, заңдық тұрғыдан көмек көрсетудің стан­дарт­талған жүйесінің құрылымдық қызмет көрсетуінің оңтайланды­рыл­ған тармағы деуге болады.  

Абай ЖҰМАБАЕВ, ҚазҰУ-дің 3-курс студенті