Farabi University

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ үздік оқытушысы» байқауы басталды

21 наурыз

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үздік оқытушысы» байқауының басталғанын хабарлайды.

Оқытушы –  университеттің негізгі тұлғасы. Дәл осы оқытушы академиялық мәдениетті қалыптастырып, студенттерді білім іздеуге ынталандырады және жаңа буын кәсіби мамандар мен зерттеушілерді даярлайды.

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үздік оқытушысы» байқауы педагогикалық шеберліктің жоғары деңгейін көрсететін, заманауи білім беру технологияларын енгізетін және университеттің білім беру бағдарламалары мен академиялық ортасын дамытуға елеулі үлес қосатын оқытушыларды анықтауға және қолдауға бағытталған.

Байқауға білім беру, оқу-әдістемелік және ғылыми-педагогикалық қызметте жетістіктері бар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары шақырылады.

Байқау шеңберінде оқытушылардың кәсіби қызметіне кешенді бағалау жүргізіледі, оның ішінде:

•білім беру және оқу-әдістемелік жұмысының нәтижелері;

• заманауи білім беру технологиялары мен инновациялық оқыту әдістерін енгізуі;
• оқыту сапасы және педагогикалық шеберлігі.


Байқау үш кезеңде өткізіледі:

1-кезең: 20 наурыз – 28 наурыз (тіркеу және есептелетін жетістіктерді бағалау); тіркелу үшін сілтеме:

https://forms.office.com/Pages/ResponsePage.aspx?id=pXGrsLF1ZU2B9_R5tJeNexh3QBZnj6xHuIhG41Zki9pUM041MUpRSU1UVUdLREdCVkVBV040V0hVVS4u

2-кезең: 1 сәуір – 28 сәуір (ашық сабақтар);

3-кезең: 29 сәуір – 2 мамыр (сапа тұрақтылығын растау).

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, оларға «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үздік оқытушысы» құрметті атағы беріледі, сондай-ақ материалдық ынталандыру шаралары қарастырылған.

Байқауды өткізу тәртібі, қатысушыларға қойылатын талаптар, бағалау критерийлері және құжаттарды тапсыру мерзімдері туралы толық ақпарат байқау Ережесінде орналастырылған.

https://farabi.university/storage/document/369373475569bd2c071ada7105525930_%D0%9B%D1%83%D1%87%D1%88%D0%B8%D0%B9%20%D0%9F%D0%9F%D0%A1%20%D0%BA%D0%B0%D0%B7.pdf

Факультеттерден осы ақпаратты профессор-оқытушылар құрамының назарына жеткізуді және оқытушылардың байқауға қатысуын қолдауды сұраймыз.

Өтінімдер 2026 жылғы 28 наурызға дейін қабылданады.

 

Қосымша ақпаратты Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттен алуға болады. Тел.: +7 (727) 377-33-30, ішкі: 12-30; 11-95; 11-53.

Басқа хабарландырулар

21 наурыз

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ үздік оқытушысы» байқауы басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үздік оқытушысы» байқауының басталғанын хабарлайды.

16 наурыз

AI-Sana бағдарламасының II кезеңі басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жасанды интеллект саласын дамытуға бағытталған AI-Sana мемлекеттік инновациялық бағдарламасына қатысуын жалғастыруда.

7 сәуір

ҚазҰУ сарапшылары GeoAI конференциясында озық шешімдерді таныстырады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жетекші мамандары 7 сәуір күні Астана қаласында өтетін Esri Central Asia GeoAI саммитіне қатысады.