Жаңа имидждік дүкен ашылдыFarabi University

Жаңа имидждік дүкен ашылды

21 наурыз, 2026

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Наурыз мерекесі аясында университет брендингін дамытуға арналған жаңа имидждік дүкен өз жұмысын бастады. Бұл бастама оқу орнының корпоративтік мәдениетін нығайтып, студенттер мен оқытушыларды ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіруді көздейді.

Дүкен сөрелерінде университет логотипі бейнеленген түрлі өнімдер ұсынылған. Олардың қатарында жейделер, худилер, бас киімдер, сөмкелер, күнделіктер, қаламдар және өзге де кәдесыйлар бар. Барлық тауарлар заманауи дизайнда әзірленіп, сапалы материалдардан жасалған. Бұл өнімдер күнделікті қолданысқа ыңғайлы болумен қатар, студенттердің өз оқу орнына деген мақтаныш сезімін білдіруге мүмкіндік береді.

Имидждік өнімдер университет қонақтары, серіктестер мен талапкерлер үшін де арнайы сыйлық ретінде ұсынылады. Сонымен бірге ҚазҰУ қалашығына келген әрбір қонақ оқу ордасының ерекше атмосферасын еске салатын естелік бұйымдарды сатып ала алады.

Бұл жоба ҚазҰУ-дың заманауи, ашық әрі креативті имиджін айқындап, оның танымалдылығын арттыруға бағытталған.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі