Студентке арналған қаржылық навигаторFarabi University

Студентке арналған қаржылық навигатор

18 наурыз, 2026

Кездесу спикері Halyk Market компаниясының логистика жөніндегі директоры, e-commerce, 3PL және ритейл салаларында 16 жылдан астам тәжірибесі бар практик-сарапшы Арутюн Габрелян болды. Ол өзінің кәсіби қызметі барысында логистикалық жүйелерді дамыту және трансформациялаумен айналысып, ТМД-ның бес елінде соңғы миля желілері мен фулфилмент-операцияларды құруға жетекшілік еткен, логистикалық инфрақұрылымды нөлден бастап қалыптастырып, жобаларды тұрақты табыстылық деңгейіне шығарған. Оның кәсіби жетістіктерінің қатарында жеткізу құнын 50%-ға дейін төмендету, жеткізу мерзімдерін үш есеге қысқарту, сондай-ақ сервис көрсеткіштері мен логистикалық процестердің тиімділігін арттыру бар. Әр жылдары ол AliExpress, Ozon және Halyk Market сияқты ірі компаниялар мен платформаларда жұмыс істеген.

Дәріс барысында жаһандық логистиканы әлемдік экономиканың маңызды элементі ретінде түсінудің заманауи тәсілдері қарастырылды. Спикер логистиканың бүгінгі таңда тек тасымалдау мен қоймалау операцияларының жиынтығы ғана емес, сонымен қатар бизнестің тұрақтылығына, қызмет көрсету сапасына, халықаралық сауданың тиімділігіне және ұлттық экономикалардың бәсекеге қабілеттілігіне ықпал ететін жеткізу тізбектерін кешенді басқару жүйесі екенін атап өтті. Презентацияда логистиканың жаһандану деңгейлері -жергілікті деңгейден жаһандық деңгейге дейін - ашып көрсетіліп, әртүрлі елдер мен реттеуші орта жағдайында логистикалық модельдерді құрудың практикалық аспектілері ұсынылды.

Студенттер спикер ұсынған ТМД елдеріндегі логистикалық процестерді ұйымдастыру, last mile желісін дамыту, 3PL-операторлармен, маркетплейстермен және мемлекеттік институттармен өзара іс-қимыл жасауға қатысты нақты кейстерге ерекше қызығушылық танытты. Атап айтқанда, әртүрлі реттеуші талаптары бар, бірақ бірыңғай KPI жүйесіне негізделген бес ел үшін ортақ логистикалық модель құрудың практикалық кейсі қарастырылды. Сонымен қатар студенттердің назары SLA, CPO, OTIF, PC2D/C2D сияқты логистиканың негізгі тиімділік көрсеткіштеріне, логистикалық желілерді ауқымдау, автоматтандыру, AI-жоспарлау, жеткізу тізбектерін әртараптандыру және логистикалық жүйелердің тұрақтылығын арттыру мәселелеріне аударылды. Жаһандық логистиканың болашағына да ерекше назар бөлінді. Спикердің айтуынша, саланың қазіргі дамуы автоматтандырумен, AI-жоспарлаумен, жеткізу тізбектерін әртараптандырумен және логистикалық жүйелердің тұрақтылығын күшейтумен тікелей байланысты.

Өткізілген дәріс бизнес өкілі мен білім алушылар арасындағы кәсіби диалог үшін маңызды алаңға айналды. Осындай деңгейдегі сарапшының қатысуы студенттерге логистика саласындағы заманауи үрдістер туралы түсінік алуға, теориялық білімнің практикалық қолданылуын көруге және болашақ мамандарға қойылатын салалық талаптарды тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Іс-шара сондай-ақ практикалық-бағдарланған оқытуды дамытуға және университет пен кәсіби қауымдастық арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етті.

Осындай кездесулерді өткізу бәсекеге қабілетті мамандар даярлау міндеттеріне сәйкес келеді және Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарымен үйлеседі. Атап айтқанда, олар ТДМ 4 «Сапалы білім» - сала сарапшыларымен өзара әрекет арқылы практикалық-бағдарланған оқытуды дамыту; ТДМ 8 «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» -еңбек нарығында сұранысқа ие бәсекеге қабілетті мамандар даярлау; және ТДМ 9 «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым» - заманауи логистикалық шешімдер мен инновациялық тәсілдер туралы түсінікті қалыптастыру мақсаттарымен үндеседі.