“Шие бағы”Farabi University

“Шие бағы”

10 наурыз, 2026

2026 жылдың 10 наурызында «7М01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранттары «Тұрақты даму мақсаттары» аясында ұйымдастырылған іс-шараға қатысты. Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында “Шие бағы” қойылымын тамашалады. Аталмыш іс-шараны ұйымдастырушылар пән оқытушысы– К.Қ. Күркебаев және докторант-практиканттары П.Б. Шаден, М.Е.Нұрлан
          Танымдық іс-шараның мақсаты – жас буынның рухани көкжиегін кеңейтіп, қоғамдық-әлеуметтік мәселелерге деген сергек көзқарасын қалыптастыру. Қойылым желісі арқылы магистранттар адам мен қоғам, уақыт пен құндылық арасындағы нәзік байланыстарды пайымдап, қара шаңырақтың киесі мен отбасының адам өміріндегі маңызын терең түйсінді.
          Қойылымнан кейін «Тұрақты даму мақсаттарының» қағидаттарына сүйене отырып, қойылым идеясы төңірегінде мазмұнды пікір алмасу өтті. Талқылау барысында дәстүр мен жаңғыру, рухани мұра мен заманауи көзқарас сабақтастығы сөз болып, қара шаңырақ ұғымының ұлттық санадағы орны жайлы әңгімелестік.
            Осындай рухани-мәдени сипаттағы шаралар тіл жанашырларының кәсіби танымын тереңдетіп қана қоймай, олардың ойлау мәдениетін, азаматтық ұстанымын және адамгершілік-эстетикалық сезімін қалыптастыруға өлшеусіз үлес қосатыны анық.