- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-да Тұрақты даму мақсаттары аясында «Жаһандық су мәселелері» тақырыбында ғылыми-білім беру іс-шарасы өтті
ҚазҰУ-да Тұрақты даму мақсаттары аясында «Жаһандық су мәселелері» тақырыбында ғылыми-білім беру іс-шарасы өтті
Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес (ТДМ-6 – Таза су және санитария) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Жаһандық су мәселелері» тақырыбында ғылыми-білім беру іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – қазіргі таңдағы су ресурстарының тапшылығы, олардың ластануы және тиімді басқару мәселелері туралы білімді арттыру, сондай-ақ студенттер арасында экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру болды.

Іс-шара барысында оқытушылар мен студенттер жаһандық деңгейдегі су тапшылығының себептері мен салдарын талқылады. Сонымен қатар, су ресурстарын тиімді пайдалану, климаттың өзгеруі жағдайындағы су қауіпсіздігі және тұрақты даму мәселелері кеңінен қарастырылды.
Бағдарлама келесі іс-шараларды қамтыды:
- Су ресурстарының жаһандық проблемаларына арналған тақырыптық дәріс;
- Су тапшылығы және экологиялық қауіптер туралы презентациялар;
- Қатысушылар арасында пікірталас және тәжірибе алмасу сессиясы;
- Су ресурстарын қорғау бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Іс-шараға «биофизика, биомедицина және нейроғылым» кафедрасының оқытушылары Жапаркулова Н.И., Жаманбаева Г., Атанбаева Г., Үсіпбек Б.А., және 1-курс докторанттары Алсеитова Ф., Молбосын Д., Аманкелді А., Асан Г., Сәткен К., сондай-ақ 3-курс «Биомедицина» мамандығының студенттері қатысты. Қатысушылар су ресурстарын ұтымды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау бағытында өз білімдерін арттырды.

Өткізілген іс-шара ТДМ-6 «Таза су және санитария» мақсатын жүзеге асыруға үлес қосып, студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және жаһандық мәселелерге деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етті.
#SDG #SustainableDevelopment #THEImpact #KazNU #SDG_KazNU #SDG6 #CleanWater #WaterSustainability
Басқа жаңалықтар