ҚазҰУ шетелдік компаниялармен серіктестікті кеңейтудеFarabi University

ҚазҰУ шетелдік компаниялармен серіктестікті кеңейтуде

28 наурыз, 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне China Datang Overseas Investment және Central Asia Representative компаниясының өкілдері арнайы келді.

Құрметті қонақтарды ҚазҰУ-дың Басқарма мүшесі – ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректор Марғұлан Ибраимов қабылдады.

Делегация құрамында China Datang Overseas Investment компаниясы бас директорының орынбасары Ли Де Йонг, Орталық Азия бойынша өкілдіктің басшысы Уанг Хао, компания өкілдері мен менеджерлер бар.

Кездесу барысында тараптар университет пен компания арасындағы болашақ ынтымақтастық мәселелерін, ғылыми-зерттеу және инвестициялық жобаларды талқылады. Сонымен қатар ҚазҰУ студенттері мен жас ғалымдары үшін тағылымдама, тәжірибе алмасу бағдарламалары мен бірлескен зерттеулерді жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылды.

Проректор Марғұлан Ибраимов оқу ордасының бүгінгі жетістіктеріне тоқталды. Қытай ЖОО-ларымен келісім шеңберінде университет базасында ғылыми жобалар мен бастамалар, ортақ конференциялар өткізіліп  келе жатқанын жеткізді. Сондай-ақ түрлі бағыттағы ғылыми зертханалар мен орталықтар іске қосылғанын алға тартты.

Компания өкілдері ҚазҰУ-мен ғылыми-білім беру салаларында ынтымақтастық орнатуға, тәжірибе алмасуды кеңейтуге мүдделі екендерін білдірді. 

 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі