Бір жол – бір белдеу
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Жаңа жібек жолының экономикалық белдеуі: Іргелес жатқан елдердің тұрақты дамуы және ынтымақтастығы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Аталмыш іс-шараның шымылдығын Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Бүркітбаев Мұхамбетқали мырза ашып берді. «Бүгінде Қытай мемлекеті Жаңа жібек жолы экономикалық белдеуін ортақ құру жобасын іске асыруға үлкен белсенділік танытып, ынтымақтастықтың басты принциптерін анықтап, қаржы көздерін тауып, Азия инфрақұрылым инвестиция банкін (Asian infra investment bank) ашып отыр. Сонымен қатар Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлының 2014 жылы жариялаған «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының басым бағыты да, Қазақстанның инфрақұрылымдарын дамытуға арналғаны белгілі. Сондықтан «Жібек жолы - экономикалық белдеуі» мен «Нұрлы жол» стратегиялық даму жоспарының өзара түндесетін және тоғысатын тұстары көп. Міне, бұлар екі ел арасындағы ынтымақтастықты жаңа сатыға көтеретін саяси алғышарт болып табылады»,-деп проректор мырза атап өтті. Конференцияға Қытай елінен бөлек, Ресей, АҚШ және Үндістан елдерінің өкілдері қелді.
Қытай халық республикасының халықаралық бизнес және экономика университетінің профессоры, «Жаһандану және жаңғырту» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Ван Чжэмин: «Бір белдеу – бір жол аясындағы серіктестіктің тиімділігі, экономикалық дамудағы атқаратын рөлі өте зор. Әлеуметтік тәжірибеге сүйенетін болсақ, әрбір мемлекетте өзінің объективтік көзқарасы болады. Мәселен, Қазақстанда пайдалы қазба қоры мол. Сол пайдалы қазбаны өңдеп, дұрыс пайдалану тұрғысында біз жұмыс күшін ұсынып отырмыз. Қазіргі таңда әлемде орын алып жатқан экономикалық жағдайларға байланысты, табиғи ресустарды дұрыс пайдалану, ең басты мәселелердің бірі болып тұр.Қазақстан мен қытай арасында осы жоба аясындағы серіктестік, елдегі экономиканың тұрақтылығын сақтап, дамуына өз үлесін қосатындығы анық»,-деп өз пікірін білдірді.
«Жаңа жібек жолы – жаһандық ауқымдағы жоба. Жаңа жібек жолы бойындағы елдердің экономикалық серіктестікте жаңа кезеңге көшкендігі бәрімізге айқын. Оған қоса барша Еуразия құрлығындағы көліктің материктік ландшавтын өзгертті. Жобаның мәні, басты экономикалық орталық арасындағы барынша сенімді жүк тасымалын қамтамасыз ету. Бұл бизнес үшін де, халық үшін де өте тиімді. Жібек жолы бұл бір ғана бағдар емес, бұл біздің стратегиялық бағытта қойылған мақсаттарға жақындата түсетін коммуникация жүйесі.
Халықаралық және аймақтық ынтымақтастық ғылыми-зерттеу институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы - Сұлтанов Болат Қылышбайұлы: Жібек жолы экономикалық белдеуін бірлесіп құру жобасы, тек Қазақстан мен Қытайдың ғана емес, бүкіл Жібек жолы бойындағы мемлекеттердің тұрақты дамуына септігін тигізетін маңызды жоба. Жібек жолы бойындағы мемлекеттердің ғалымдары бұл тақырыпты терең әрі жаң-жақты талқылап, өзара пікір алмасып, маңызды ғылым тұжырымдамаларын жасап, тәжірибелік құндылықтары жоғары ұсыныстарды білдіретіндеріне сенемін», - деп өз замандастарына үлкен сенім артатындығын білдірді.