Бұхара медицина институтымен әріптестік тереңдейді
30 наурыз, 2026
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев Әбу Әли ибн Сина атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институтына ресми сапармен барды.

Оқу ордасының басшысы Шухрат Тешаев ҚазҰУ ректорын институттың заманауи зертханаларымен, ғылыми және медициналық симуляциялық орталығымен және мамандар даярлаудағы басты жобаларымен таныстырды.

Кездесу барысында қос жоғары оқу орны арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту мәселелері талқыланды. Тараптар бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге, халықаралық конференциялар ұйымдастыруға және тәжірибе алмасуды жүйелі жолға қоюға уағдаласты.
Сапар соңында ҚазҰУ басшысы институттың «Құрмет аллеясына» ағаш отырғызды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар
30 наурыз, 2026
30 наурыз, 2026
30 наурыз, 2026