Бұхара институтымен қос диплом бағдарламасы дамиды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Бұхара мемлекеттік педагогикалық институты халықаралық академиялық ықпалдастықты нығайтуға бағытталған стратегиялық Жол картасын бекітті. Маңызды құжатқа ҚазҰУ Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев пен институт ректоры Баходир Мамуров қол қойды.
Бекітілген Жол картасына сәйкес, тараптар академиялық ұтқырлық бағдарламасын жандандыруға уағдаласты. Енді қос оқу орнының студенттері бір оқу кезеңі ішінде серіктес университетте білім алу мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар құжат аясында алдағы уақытта қосдипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеу және ортақ оқу курстарын ұйымдастыру көзделген.

Кездесу барысында Жансейіт Түймебаев пен Баходир Мамуров бұл келісім екі университет арасындағы ғылыми-білім беру және мәдени байланыстарды тереңдетіп, студенттер мен оқытушылар үшін халықаралық деңгейде жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.



Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар