«Менеджментте инновациялар мен цифрландыру арқылы қоршаған ортаны қорғау» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.Farabi University

«Менеджментте инновациялар мен цифрландыру арқылы қоршаған ортаны қорғау» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

25 наурыз, 2026

«Менеджментте инновациялар мен цифрландыру арқылы қоршаған ортаны қорғау» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – заманауи басқару жүйелерінде экологиялық жауапкершілікті арттыру, сондай-ақ цифрлық технологиялар мен инновациялық шешімдерді пайдалану арқылы қоршаған ортаны қорғаудың тиімді жолдарын түсіндіру болды. Семинар барысында қатысушылар жасыл менеджмент қағидаттарымен танысып, цифрландырудың экологияға әсері, ресурстарды үнемдеу, қалдықтарды азайту және экологиялық мониторинг жүйелерін енгізу мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, практикалық тапсырмалар мен кейстер арқылы теориялық білімдерін бекітті. Іс-шара нәтижесінде қатысушылар тұрақты даму қағидаттарын басқару тәжірибесіне енгізудің маңыздылығын түсініп, өз ұсыныстарын ортаға салды.

Ұйымдастырушы: "Менеджмент" кафедрасының оқытушысы Боранбай А.А