- Басты бет
- Жаңалықтар
- «G-Global» интерактивті алаңында «Биомедицинаның мәселелері» тақырыбында онлайн видеоконференциясы өтті
«G-Global» интерактивті алаңында «Биомедицинаның мәселелері» тақырыбында онлайн видеоконференциясы өтті
Биология және биотехнология факультетінің биофизика және биомедицина кафедрасы «G-Global» интерактивті алаңының Виртуалды жобасы бойынша шетелдік университеттер мен ғылыми орталықтардың ғалымдары, мамандарымен заманауи биомедицинаның өзекті мәселелерін талқылау мақсатында «Биомедицинаның мәселелері» тақырыбында онлайн видеоконференциясын өткізді.Онлайн видеоконференцияға хрономедицина және биомедицина саласында еңбек етіп жүрген отандық ғалымдар мен қатар шетелдік ғалымдарда қатысты.
Биофизика және биомедицина кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы, профессор Сұлтан Төлеуханов сөз кезегінде «Қазақстандағы хрономедицинаның тарихы, бүгінгі жағдайы және биомедицинаның қазіргі жетістіктері жайлы» айтып өтті. Ал Ұлыбританияның Ольстер университетінен ғылыми зерттеуші Анар Ахметжанқызы «Еуропа елдеріндегі фитотерапияның өзекті мәселелері» туралы қысқаша баяндама жасаса, РҒА Сібір бөлімшесінің цитология және генетика институтының профессоры Колосова Наталия ханым «Ресейдегі қазіргі фитопрепараттар мен хрономедицинаның бағыттары және кейбір қордаланған мәселелері» төңірегінде ой қозғады. Жапония Жунтендо университетінің қауымдасқан профессоры, медицина ғылымдары бойынша PhD. Әбдібек Қалибекұлы «Шығыс Азия елдеріндегі фитотерапия мен биомедицинаның қазіргі жағдайы» жөнінде өз қөзқарасын білдірді. Өзара пікір алмасып, ортақ ғылыми талқы өткізген ғалымдарды қызықтырған тағы бір тақырып «Қазақ медицинасы» болды. Алайда қазақ медицинасы саласында үлкен жетістіктерге жеткен Қытайдағы қандас-әріптестеріміздің техникалық себептерден байланысқа шыға алмауы бұл бағыттың қазіргі өзекті мәселелерін қозғауға біршама кедергі болды.
Онлайн видеоконференцияның соңында ұйымдастыру төрағасы профессор Сұлтан Төлеуханов қатысушларды «кеңесіп пішкен төн келте болмайды» дегендей, болашақта бірлікте жұмыс жасауға шақырды. Әсіресе шетелде ғылым саласында жүрген қандастармызды елге келіп қызмет жасауға, не болмаса дамыған елдердегі тамаша мүмкіндіктерді пайдаланып қазақ ғылымын қолдауға үндеді.
Онлайн видеоконференцияның қысқаша барысын төмендегі сілтемеден көре аласыздар.
https://www.youtube.com/watch?v=gKsy3LnM7q8
Әлібек Ыдырыс
Биофизика және биомедицина кафедрасы