Үндістан Республикасының Ұлттық Кадет Корпусының өкілдері ҚазҰУ-да

23 мамыр, 2016

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасына Үндістан Республикасының Ұлттық Кадет Корпусының кадет делегациясы келіп кетті. Бұл сапар ынтымақтастық туралы Меморандум арқасында жүзеге асты.

Сапар бағдарламасына ресми кездесулер, оқу-танымдық және мәдени іс-шаралар енгізілді.

Ұлттық университеттің бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев Қазақстанның жоғарғы мектебінің қолбасшысы ретінде ҚазҰУ-дың тарихы, жетістіктері мен алдағы даму бағыты туралы қонақтарға баяндады. Үндістан делегациясы мұражайға, ғылыми кітапханаға және «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығын аралады.

ҚазҰУ әскери кафедрасының бастығы О.Әжімов ЖОО-ның әскери кафедраларындағы студенттердің дайындығы туралы танысу дәрісін оқыды, кадеттерді елдің көне ЖОО әскери кафедрасының тарихымен таныстырды. Делегация мүшелері кафедраның оқу-материалдық базасын қарап, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанына 24 жыл толуы құрметіне ашылған әскери-отаншылдық тәрбие кабинетімен және Қазақстанның халық батырлары Бауыржан Момышұлы мен Сағадат Нұрмағамбетовтың атындағы дәрісханаларымен танысты. ЖҰМ-2, ЖЗРК оқу-жаттығу құрылғыларындағы, интерактивті лазер тиріндегі, тактикалық дайындық, әскери топография және әскери тарих бойынша оқу дәрісханаларындағы сабақтар қонақтарға ерекше әсер қалдырды.

Кадеттердің «Арыстан» мамандырылған лицейіне кіріп шығуы сапардың жарқын сәті деп айтуға болады. Лицей жетекшісі, педогогика ғылымының докторы, ҚР әскери ғылым Академиясының толық мүшесі отставкадағы генерал-майор Сабит Тауланов үндістан делегациясына лицейдің барлық маңызды объектілерін көрсетті. Сапар барысында лицейшілер концерттік нөмірлерімен және қарумен саптық амалдарын орындады. Жүзу, баскетбол, шахмат және атыс бойынша үндістан кадеттері мен лицейшілер арасындағы жарыстар қызықты және қызу өтті.

Сонымен қатар, кадеттер Орталық мемлекеттік мұражайына, Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті атындағы саябағына, 28 панфиловшы қаһармандары атындағы саябағына барып, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік монументі мен Махатма Ганди ескерткішіне гүл қойды.

ҚазҰУ әскери кафедрасы ұйымдастырған дөңгелек үстел үстінде полковник Олег Әжімов келешектегі ынтымақтастыққа сенімділігін білдірді. Үндістан делегациясының жетекшісі Кирпал Сингх әскери кафедраның басшылығына және іс-шараларды ұйымдастырушыларға шын жүректен алғысын білдірді. Үндістан делегациясының әрбір мүшесіне Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары бейнеленген, ҚазҰУ логотипімен естелік сыйлықтар тапсырылды.

Бейсетбаева Эльнара Абаевна