Пьер және Мари Кюри университетінің профессоры ҚазҰУ-ға келеді

25 мамыр, 2016

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де 2 маусымда Франция мемлекетінің минералогия, шикізат физикасы және ғарыштық химия саласындағы белгілі ғылыми қайраткер, Пьер және Мари Кюри университетінің профессоры, "Carrière" сыйлығының, сондай-ақ, Ғылым академиясының "Ivan Peyches et Dolomieu" сыйлығының және "Léon Bertrand" Франция геологиялық қауымдастығы сыйлығының иегері, Schlumberger компаниясының "Минералогиялық қауымдастық" медалінің иегері - Джордж Каласпен кездесу өтеді.

Атақты профессор  "Пайдалы қазбалар - тұрақты даму контексіндегі негізгі мәселе" және "Жер қыртысының ауыр металлдар және кұшәламен ұлану процестері: металдық түрленулердің маңыздылығы" тақырыптарында өтетін дөңгелек үстел жұмысына қатысады.

Оның келу мақсаты - Қазақстанның ірі компаниялары, Қазақстанда жұмыс атқарушы халықаралық компаниялармен кездесіп, қазіргі өндіріс барысында орын алып отырған экологиялық мәселелердің шешімін табу және оларға кеңес беру. Сондай-ақ  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰҒЗУ ғылыми қызметкерлерімен және студенттерімен жүздесу.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Франко-Қазақстандық білім беру және зерттеу "Гео-энергетика" орталығы, Катко AREVA, TOTAL компаниялары, Франция Республикасының Сыртқы істер министрлігі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚР Франция елшілігінің және Алматы қаласындағы Франция Консулдығы.

  

Дөңгелек үстелдің өтетін күні мен уақыты: 02.06. 2016сағат 14:00, 03.06.2016 сағат  11:00.

Дөңгелек үстелдің өтетін мекенжайы: әл-Фараби  даңғылы 71, Әл-Фараби кітапханасы, ақ зал.

 Барлық қоршаған орта мәсәлелері бойынша маңызды ақпарат алам деушілер үшін есік ашық!

Құрметпен,  "Гео-энергетика" орталығы.