АЛДЫҢДА БАР МА, АРМАНЫҢ...
АЛДЫҢДА БАР МА, АРМАНЫҢ.... Меніңше, адам өміріндегі ең маңызды нәрсе – мамандық таңдау. Өйткені ол сенің өміріңе, келешегіңе тікелей әсер ететін таңдау. Келешекте кім болғың келеді? Алдыңа қойған арманың бар ма? Бар болса, арманның асуын қалай бағындыруды қалайсың? Бұл мәселе мектептен түлеп ұшқан кім-кімді де ойландырары сөзсіз. Осы орайда айта кететін бір мәселе – сол қалаған мамандығыңа өзіңнің сәйкестігің. Жай әншейін қызығушылықпен жақсы маман бола алмайсың. Еліңе пайдаң тиетін маман болу үшін жанкештілік керек. Ісіңді сүю, оның қиындығына төзу, қыры мен сырын жете меңгеру, үнемі ізденіс үстінде болу, осының бәрі маңызды. Таңдаған мамандығыңызды жақсы көрсеңіз, еңбегіңіз де нәтижелі әрі өнімді болмақ. «Геодезия және картография» мамандығын қызыл дипломға бітіріп, артынша «Геодезия» мамандығына магистратураға түсіп, оны да қызыл дипломмен бітірдім. Қазіргі таңда өзімнің киелі шаңырағым – университет қабырғасында алған білімімді жас ұрпаққа үйретіп, геоинформатика және картография кафедрасында оқытушы болып тер төгіп жүрмін. Оқуды тәмамдап, жас маман ретінде алғаш келгенімде маған үлкен сенім артқан кафедра меңгерушісі, профессор Х. Қасымханова мен әрдайым өз көмегін және қамқорлығын аямай келе жатқан ұстазым доцент Г.Жангуловаға айтар алғысым шексіз.
Әлия ҚАНЖАНОВА, әл-ФарабиатындағыҚазақұлттықуниверситетінің география және табиғатты пайдалану факультетінің картография және геоинформатика кафедрасының оқытушысы