- Басты бет
- Жаңалықтар
- Кәсіпорындарға ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) салалсында мамандар даярлау
Кәсіпорындарға ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) салалсында мамандар даярлау
Мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы – 2 аясында кәсіпорындарға ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) салалсында мамандар даярлау
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы – 2 аясында кәсіпорындарға АКТ мамандарын даярлау» атты семинар-кеңес өтеді. Семинар еліміздің индустриялық-инновациялық даму басымдықтарын ескере отырып,жоғары білікті мамандарды даярлау сұрақтарын талқылайтын алаң ретінде қызмет етеді.
Семинарға оқытушылар мен студенттер, өндірістік кәсіпорындардың өкілдері, «Инновациялық технологиялар паркі», Германия, Испания, Португалия, Швеция, Болгария, Ресей, Украинадан ЕО жоба серіктестігі Tempus MEDIS ( «Өндірістің алдыңғы қатарлы жүйесін әзірлеу және дамыту бойынша магистратура деңгейінде жоғары білікті инженерлерді қалыптастырудың әдіснамасы») қатысады.
Инженерлік мамандыққа өнеркәсіп орындарының қажеттіліктерін ескере отырып магистранттарды оқыту әдістемесін дайындау – Темпус MEDIS жобасының басты мақсаты.
MEDIS жобасының қатысушылары жыл бойы «Технологиялық процестерді автоматтандыру» бойынша жаңа курстарды әзірлеуге көмек көрсетіп, ҚазҰУ-дың Механика және математика факультеті «Өнеркәсіптік компьютерлер» зертханасына керек жабдықтарды жеткізуді жүзеге асырды.
Өтетін орны: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы 71, механика-математикалық факультетінің Қызыл залы.
Өтетін уақыты: Семинар 2016 жылдың 2-3 маусым аралығында сағат 10.00 (тіркеу 9.30) өтеді.
ҚазҰУ, Баспасөз қызметі
8 (727) 377 31 48/49