Қазақстандағы PR және БАҚ

2 маусым, 2016

«Қазақстандағы PR және БАҚ. Ғылыми еңбектер жинағы» – «PR и СМИ в Казахстане. Сборник научных трудов» жинағының 11 саны шығуға дайындалып жатыр. Журналистика және байланыс бойынша ЮНЕСКО орталығы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы жанындағы «Ғылыми еңбектер жинағы».

Байқауға қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдерінде ғылыми еңбектер қабылданады.

Мақала беру мерзімі – 2016 жылдың 10 қазанына дейін.

Ғылыми еңбектер жинағы жылына 2 рет шығады.

2016 жылдың ақпанында«Қазақстандағы PR және БАҚ. Ғылыми еңбеқтер жинағы» - «PR и СМИ в Казахстане. Сборник научных трудов» жинағының 10 саны жарық көрді.

10 нөмірде Қазақстан, Ресей, Украина, Қырғызстан елдерінен қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі мақалалар болды.

Мақалаларға қойылатын талаптар:

Көлемі 7 беттен аспайтын Microsoft Word немесе соған ұқсас редактордың электронды нұсқасындағы, 14 қәріптегі Times New Roman мәтіні болуы керек.

Толық редакцияланған мәтіннен соң, автордың толық аты-жөні, лауазымы мен атағы, жұмыс орны мен атқаратын қызметі, мекен-жай мент телефон толық көрсетілуі керек.

Мақаланың соңында – 7.1-2003 ГОСТ-қа сай көркемделген пайдаланылған әдебиеттер тізімі болуы шарт.

Міндетті түрде: кілт сөздер, қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі резюме болуы тиіс.

Еңбектерді төмендегі электронды поштаға жіберіңіздер:

         laila_akhmetova@mail.ru

 

Бас редактор, профессор   Л.С. Ахметова