"Ғылыми зерттеулердің нәтижесін басылымға шығару" атты семинар-тренинг өтті
Доктор Амос Фатокунмен өткізілген "Ғылыми зерттеулердің нәтижесін басылымға шығару" атты семинар-тренингі
Қазақстан-британдық үкіметаралық «Ньютон – Әл-Фараби» бағдарламасы шеңберінде Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында құрылған кәсіби даму және қарым-қатынас орталығы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Технопаркі "Ғылыми зерттеулердің нәтижесін басылымға шығару" атты семинар-тренингін өткізді. Бір күндік тренинг-семинар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Технопаркінде 2016 жылы 3 маусым күні өтті.
Ғылыми зерттеулердің нәтижесін басылымға шығару – зертеушінің дәстүрлі міндеттерінің бірі; әсіресе жоғары рейтингтік журналдар мен басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында табысты жариялау ғалым жұмысы өнімділігінің ерекше маңызды орын алуына байланысты ғана емес, сондай-ақ оның беделінің негізгі көрсеткіші болып саналады.
Тренингті медицина саласы бойынша зерттеулер жүргізетін және дәріс оқитын, Ұлыбританияның Брэдфорд Университетінің доценті, PhD доктор Амос Фатокун жүргізді. Оның жұмыстары бірнеше алдыңғы қатарлы халықаралық журналдарда басылып шыққан.
Тренинг-семинарда Алматы қаласы және Алматы облысы зерттеу институттарының және университеттердің 20-дан астам өкілдері қатысты. Қатысушылар өз зерттеулерінің нәтижесін алға ілгерілету үшін басылымға қалай дайындау керек екені жайлы білді. Ұйымдастыру нәтижесінде тренингке қатысушы ғалымдар өз мекемелерінің зерттеу сапасын, сонымен бірге халықаралық зерттеу қоғамдастығында рейтингін және беделін көтере алады.