ҚазҰУ-дағы Германия жылы

4 наурыз, 2010

2010 жылдың 25 қаңтарында халықаралық қатынастар факультетінде Фридрих Эберт атындағы Фондтың Орталық Азия бойынша Координаторы др. Вульф Лапинс мырза пен Қазақстан бойынша проект-координатор Э. Пак ханымның ХҚФ-нің ұстаздары және студенттерімен кездесу болды.

Вульф Лапинс мырза «Аймақтық қауіпсіздік: Германияның Ауғанстандағы әскери араласуының мәселелері мен болашағы» атты лекция оқыды. Вульф Лапинс мырза өзінің назарын Ауғанстандағы жағдайды реттеу үшін НАТО елдерінің әскери араласуының халықаралық-құқықтық аспектілеріне аударды, Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі тенденциялар мен мәселелерді айқындады. НАТО шеңберіндегі еуропалық әскери контингентінің араласуы, әсіресе, неміс солдаттары мен офицерлерінің, сол аймақтағы өз әскерлерінің болуына байланысты еуропалық мемлекеттер тұрғындарының көзқарасы мәселелері талқыланды. Ауғанстандағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Германияның рөлі, демократиялық және тұрақты мемлекеттке айналу жолындағы Ауғанстанның дамуын тежейтін нашатрафигі мен парақорлық мәселелері төңірегінде қызуқанды пікірталас болды.

Бұл пікірталас тақырыбын бір жыл ішінде дөңгелек үстелдер мен семинарлар жүргізіп, жалғастыратын болып шешті.

Эрберт атындағы Фондтың өкілдерімен келесі кездесу 2010 жылы ақпан айында болады.

ҚазҰУ-дың Басапсөз қызметі