ҚазҰУ-дағы Германия жылы

4 наурыз, 2010

2010 жылдың 26 қаңтарында - Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия аймағындағы Конрад Аденауэр атындағы Қордың аймақтық үйлестірушісі др. Грегор Риссель мырза және Қазақстан Республикасындағы Фонд өкілеттілігінің басқарушысы Мусина Алия ханым мен халықаралық қатынастар факультетінің басшылығымен, ұстаздарымен және студенттерімен кездесу болды.

Конрад Аденауэр атындағы Қордың өкілдері студенттер, магистранттар және аспиранттарға арналған «Sur Place» атты стипендиялық бағдарламасын таныстырды. Бұл бағдарламаның грант иегерлеріне 5 ай мерзімінде қаржылай көмек беру және де Қордың ұйымдастыратын әр түрлі іс-шаралары, семинарлары, дөңгелек үстелдері мен жастар форумдарына қатысатындығы жөнінде ақпарат берді. Кездесу барысында студенттер байқаудың кезеңдері мен талаптарына байланысты нақты ақпарат алып, өздерін толғандыратын сұрақтарға жауап алды.

Кездесуден кейін факультет басшыларымен ынтымақтастықты кеңейту мен болашақ мүмкіншіліктер жайлы келіссөздер болды.

ҚазҰУ-дың Басапсөз қызметі