Жаңа жоба аясындағы кездесуFarabi University

Жаңа жоба аясындағы кездесу

27 мамыр 2026
Жаңа жоба аясындағы кездесу

ТДМ-17 27 сәуірде журналистика факультетінде белгілі журналист Мәдина Әлімханованың шеберлік сыныбы өтті. Кездесу ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының бастамасымен «Әділ сөз» қорымен бірлескен жалпы жоба аясында ұйымдастырылды, яғни оқу құралын, содан кейін оның негізінде жаппай ашық онлайн-курсты (ЖАОК) бірлесіп әзірлеу жоспарланып отыр.

Мәдина Әлімханова – Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты.  «Пресс-секретарь, которого любят СМИ», «Шпаргалка для начинающих журналистов», «Журналист в безопасности», «Нельзя. Можно. Нужно» және т.б. кітаптардың авторы. 20 жылдан астам тәжірибе барысында ол радиода, телевизияда және ақпараттық агенттікте жұмыс істеген, сонымен қатар журналистік білім беру бойынша ірі халықаралық жобаларға қатысқан.

Бірінші курс студенттерімен спикер бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы жеке тәжірибесімен бөлісіп қана қоймай, сонымен қатар қоғамда алдыңғы тәжірибеге сүйене отырып, әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектесетін "шешімдер журналистикасы" атты жаңа жанрдың пайда болуы мен дамуы туралы дәріс оқыды.

Кездесудің соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды және ынтымақтастық туралы алдағы жоспарлар белгіленді.

 

Анастасия Скрипникова,

ЮНЕСКО-ның журналистика және

коммуникация кафедрасының аға оқытушысы