ҚазҰУ-да «Сыртқы саясатта жаңа серпін: Қазақстан Республикасы БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізілді
Дөңгелек үстелдің жұмысына дипломатиялық корпустың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ академиялық қоғамдастығы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
ҚР СІМ Алматы қаласы өкілділігінің басшысының орынбасары Рымтай Кәрібжанов: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ғаламдық идеясы және бірегей бастамаларының арқасында Қазақстан Азиялық-Тынық мұхиттық топтан 2017-2018 жылдарға БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып таңдалған алғашқы ел.
Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып таңдалуы республиканың орасан зор тарихи және саяси-дипломатиялық мәні бар үлкен жетістігі болып табылады.
«Сыртқы саясаттық күш салулар және бастамалар бейбітшілікті, ұжымдық қауіпсіздік және тұрақтылықты күшейтуге бағытталады», - деп атап өтті БҰҰ-ның Қазақстандағы қоғамдық ақпарат департаментінің директоры Властимил Самек.
«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ барлық адам цивилизациясының ілгерімелі қозғалысының ғаламдық тренді болып табылатын БҰҰ тұрақты даму бойынша «United Nation Academic Impact» «БҰҰ-ның Академиялық ықпалы» Ғаламдық хабын басқарады. «Әлемдік ЖОО-ды біріктіретін бағдарламаның аясында университет өзін БҰҰ-ның бітімгерлік миссиссын жүзеге асыру үшін ғалымдарды белсенді тартатын және ғылыми-білім беру саласын ғаламдық мәселелерді шешу құралы ретінде пайдаланатын ғылыми-академиялық орталық ретінде өзін танытып отыр», - деп ҚазҰУ әлеуметтік даму бойынша проректоры, профессор Шолпан Жаманбалаева атап өтті. Профессордың айтуы бойынша осындай маңызды жұмыста мақсатты әрекет ету әлемдік академиялық қоғамдастықтың бірігуіне, сондай-ақ қауіпсіздіктің дәстүрлі емес қауіп-қатерлеріне қарсы әрекет етудегі оның рөлін көтеріп, бейбіт және тұрақты дамудың ең маңызды құндылықтарын жылжытуға қажетті жағдай жасайды.
Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болу артықшылықтарын белгілей отырып, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қауіпсіздік және ынтымақтастық институтының Директоры Құралай Байзақова еліміз үшін айқын пайданы айрықша атап өтті: ұлттық мүддені сақтай отырып ғаламдық саяси мәселелерді шешуде тең құқықты қатысу мүмкіндігі, біздің аймақтың түйткілдеріне халықаралық назарды аударту, басқа елдердің алдындағы артықшылықтар, маңызды халықаралық ақпаратқа қолжетімділік.
Дөңгелек үстелдің қатысушылары Қазақстанның ұжымдық аймақтық және ғаламдық қауіпсіздік мәселелерінде халықаралық қатынастардың белсенде қатысушысы ретінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің күн тәртібінде қазіргі уақытта тұрған азық-түлік, су, энергетикалық және ядролық қауіпсіздік сияқты шұғыл мәселелерді шешуі үшін өзінің бірегей тәжірибесін тиімді қолданып отырғандығына өздерінің сенімділігін білдірді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметі
8(727) 377 3148/49
Фотосуреттер: Жунисбеков Марат