Студенттер мен түлектердің салтанатты қақпасының алғашқы іргетасы қаланды

5 шілде, 2016

ҚазҰУ аумағында студенттер мен түлектердің салтанатты қақпасының алғашқы іргетасы қаланды.

Қазақстан Республикасының 25 жылдығына және Алматы қаласының 1000 жылдығына орай, ҚазҰУ оқытушылары, студенттер мен түлектер қауымдастығының бастамасымен, студенттік кампус территориясында «Мәңгілік Ел» сәулет кешенін орнату идеясы алға тартылды. Оның маңызды композициялық блоктары,  «Мәңгілік ел» студенттер мен түлектердің салтанатты аркасы, «Темір Қазық» монументалды композициясы, «Тайқазан»  фонтаны бар «Мәңгілік ел» алаңы болып табылады. Бұл жоба түлектер арасында қолдауға ие болып, ерікті салымдар негізінде кешеннің құрылысын жүзеге асыруға ниеттерін білдірген болатын.