Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің басшылығы белгілі мемлекет қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері, университет түлегі Сұлтан Сүлейменұлы Жиенбаевты 95-жылдық мерей тойымен құттықтады.
С. Жиенбаев әр жылдары ҚазССР-нің Сауда министрлігінің басқарма басшысы, ҚазССР Сауда министрі, ҚазССР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарған болатын. Сұлтан Жиенбаев танкіге қарсы қарулар ротасының командирі болып, Ржев түбіндегі шайқасына қатысқан. Ол Отан соғысының бірінші дәрежелі екі орденімен, мемлекеттік наградалар мен атақтардың иегері және көптеген медальдермен марапатталған ҰОС ардагері. Бүгінде атақты ардагер Алматы қаласының «Құрметті азаматы», «Құрметті теміржолшы», Д.А. Қонаев атындағы халықаралық қордың "Құрметті президенті".
Басқа жаңалықтар
25 қараша, 2024
25 қараша, 2024
25 қараша, 2024