- Басты бет
- Жаңалықтар
- Корея Республикасының делегациясы Қазақстан–Қытай бірлескен «Қашықтықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану» зертханасының қызметімен танысты
Корея Республикасының делегациясы Қазақстан–Қытай бірлескен «Қашықтықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану» зертханасының қызметімен танысты
2026 жылғы 4 тамызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Корея Республикасының делегациясы ресми сапармен келіп, университеттің ғылыми-зерттеу және инновациялық әлеуетімен танысты.
Зертхананың ғылыми қызметкері Сиражитдинова Мухабат Кахирмановна, кездесу барысында қонақтарды зертхананың негізгі қызмет бағыттарымен таныстырды. Атап айтқанда, Жерді қашықтықтан зондтау, геоақпараттық жүйелер, ұшқышсыз авиациялық технологиялар және кеңістіктік деректерді өңдеу салаларындағы заманауи ғылыми әзірлемелер мен инновациялық технологиялар туралы жан-жақты ақпарат берді.
.jpeg)
Делегация құрамында Daejeon Technopark (DTP) - Корея Республикасының Дэджон қаласындағы инновациялық және технологиялық экожүйені дамытуға бағытталған ұйымның директоры, Kwon Sung Soo, Daejeon Technopark тобының жетекшісі Song Chi Hwa, Daejeon Technopark директорының орынбасары Kwon Hyun Ji, сондай-ақ CONTEC Earth Service (CES) – Жерді қашықтықтан зондтау және ғарыштық деректерді қолдану бағытында қызмет атқаратын компанияның бас директоры Paek Jae Hyeon болды.
Сапар барысында делегация өкілдері Қазақстан–Қытай бірлескен «Қашықтықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану» зертханасының қызметімен танысты. Қонақтарға зертхананың негізгі ғылыми-зерттеу бағыттары, заманауи инфрақұрылымы, қашықтықтан зондтау технологияларын қолдану мүмкіндіктері және жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы ақпарат берілді.

Кездесу барысында спутниктік деректерді өңдеу және талдау, геоақпараттық технологиялар, Жерді қашықтықтан зондтау, қоршаған ортаның мониторингі және заманауи цифрлық технологияларды ғылыми-зерттеу жұмыстарында пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кореялық делегация зертхананың ғылыми-техникалық базасы мен зерттеу бағыттарына қызығушылық танытып, аталған саладағы халықаралық ғылыми және технологиялық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Басқа жаңалықтар