- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ докторантына Қазақстан Республикасы Конституциясының арнайы басылымы табысталды
ҚазҰУ докторантына Қазақстан Республикасы Конституциясының арнайы басылымы табысталды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Биология және биотехнология факультетінің Ботаника және агроэкология кафедрасының 8D05108 – «Геоботаника» білім беру бағдарламасының докторанты Қайранова Гүлзат Қанатқызына Алматы қаласының әкімдігінде Қазақстан Республикасы Конституциясының арнайы басылымы және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан жолданған жеке алғыс хат табысталды.
Алғыс хатта Әділетті Қазақстанды құру жолындағы қажырлы еңбегі үшін ризашылық білдіріліп, еліміздің одан әрі дамуы жолындағы жас ұрпақтың жасампаз қызметінің маңыздылығы атап өтілген. Сондай-ақ мемлекетіміздің нығайып, Қазақстанның өсіп-өркендеуіне ізгі тілектер білдірілген.
Гүлзат Қайранова 2023 жылы «Тәуелсіздік ұрпақтары» мемлекеттік грантының «Ғылым» бағыты бойынша иегері атанды. Аталған грант дарынды жастардың бастамаларын қолдауға және ғылымды қоса алғанда, түрлі салалардағы перспективалы жобаларды жүзеге асыруға бағытталған. Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы Ботаника және агроэкология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, б.ғ.к Мамурова Асем Тлеужанқызының жетекшілігімен жүзеге асырылда.
Қазақстан Республикасы Конституциясының арнайы басылымы мен Президент атынан жолданған жеке алғыс хаттың табысталуы жас зерттеушінің жетістіктеріне көрсетілген ерекше құрмет әрі оның алдағы кәсіби дамуына, ғылыми ізденістерін жалғастыруына және отандық ғылымның өркендеуіне үлес қосуына маңызды серпін болды.
Бұл жетістік БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен, атап айтқанда, ТДМ 4 – «Сапалы білім беру» және ТДМ 9 – «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым» мақсаттарымен үндеседі. Жас зерттеушілерді қолдау, ғылыми әлеуетті арттыру және жастардың ғылыми бастамаларын жүзеге асыру еліміздің ғылыми-білім беру ортасын нығайтуға және Қазақстан ғалымдарының жаңа буынын қалыптастыруға ықпал етеді.
Ботаника және агроэкология кафедрасы
Басқа жаңалықтар