- Басты бет
- Жаңалықтар
- Зальцбург университеті профессорының сапары: ғылыми және академиялық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері
Зальцбург университеті профессорының сапары: ғылыми және академиялық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетіне Зальцбург университетінің (Австрия) Цифрлық және аналитикалық ғылымдар факультеті Геоинформатика кафедрасының доценті, Ландшафттық зерттеулер зертханасының жетекшісі Hermann Klug келді.
Сапар аясында факультет өкілдерімен кездесу өтіп, профессор Hermann Klug факультеттің негізгі білім беру және ғылыми-зерттеу бағыттарымен, жүзеге асырылып жатқан ғылыми жобалармен, сондай-ақ ғылыми орталықтар мен зертханалардың қызметімен танысты.

Кездесу барысында тараптар өзара қызығушылық тудыратын ғылыми және академиялық ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады. Бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми жарияланымдар дайындау, сондай-ақ халықаралық ғылыми жобалар мен гранттық бағдарламаларға бірлескен өтінімдер беру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Талқылаудың маңызды бағыттарының бірі ғылыми кадрларды даярлау саласындағы ынтымақтастықты дамыту болды. Профессор Hermann Klug-ты докторанттардың шетелдік ғылыми жетекшісі және кеңесшісі ретінде тарту, сондай-ақ факультеттің жас ғалымдарымен бірлескен зерттеулер жүргізу мүмкіндіктері қарастырылды.

Сонымен қатар профессорды шетелдік профессор ретінде ҚазҰУ-да дәріс оқуға шақыру, ғылыми семинарлар өткізу және факультеттің студенттерімен, магистранттарымен, докторанттарымен және профессор-оқытушылар құрамымен тәжірибе алмасу мүмкіндіктері талқыланды.
.jpeg)
Кездесу алдағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді. Қорытындысында тараптар бірлескен халықаралық жобаларды дамытуға, академиялық ұтқырлықты кеңейтуге, докторанттарға ғылыми жетекшілік жасауға, қонақ дәрістерін ұйымдастыруға және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Зальцбург университеті арасындағы ұзақ мерзімді ғылыми-білім беру байланыстарын нығайтуға қызығушылық білдірді.
Басқа жаңалықтар