ҚазҰУ-да үш сайлау учаскесі жұмыс істеуде — ҚазҰУ

ҚазҰУ-да үш сайлау учаскесі жұмыс істеуде

23 тамыз 2026
ҚазҰУ-да үш сайлау учаскесі жұмыс істеуде

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау үшін үш дауыс беру учаскесі жұмысын бастады.

№258, №259 және №568 сайлау учаскесінде дауыс беру үшін 1356 адам тіркелген. Учаскелік сайлау комиссиялары жұмысын сағат 07:00-де бастады. Дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

 

Алғашқылардың бірі болып Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев дауыс беріп, өз таңдауын жасады.

Университет қалашығында орналасқан сайлау учаскелерінде бекітілген сайлаушылар тізіміне сәйкес, жергілікті тұрғындар, ҚазҰУ қызметкерлері мен білім алушылары дауыс беріп, саяси науқанға белсенді қатысуда.

Дауыс беру процесі қолданыстағы сайлау заңнамасына сәйкес ұйымдастырылған. Сайлаушылардың өз таңдауын еркін жүзеге асыруы үшін барлық қажетті жағдай жасалған.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі