ҚазҰУ-дағы сайлау учаскелері жұмысын сәтті аяқтады — ҚазҰУ

ҚазҰУ-дағы сайлау учаскелері жұмысын сәтті аяқтады

23 тамыз 2026
ҚазҰУ-дағы сайлау учаскелері жұмысын сәтті аяқтады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі үш сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады. 

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де ҚазҰУ қалашығы аумағында жұмыс істеген №258, №259 және №568 барлық сайлау учаскелері өз жұмысын тоқтатты. Осыдан кейін комиссия мүшелері бюллетеньдерді санауға кірісті.

Үш сайлау учаскесінде тізім бойынша барлығы 1356 адам тіркелген. 

Дауыс беру процесі қолданыстағы сайлау заңнамасына сәйкес ұйымдастырылды. Сайлау учаскелерінде сайлаушылардың өз конституциялық құқықтарын жүзеге асыруына барлық қажетті жағдай жасалды. 

Учаскелерге жергілікті тұрғындармен қатар, университеттің оқытушылары мен қызметкерлері, сондай-ақ студенттер келіп дауыс берді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі