Сайлау сәтті өтті. — ҚазҰУ

Сайлау сәтті өтті.

23 тамыз 2026
Сайлау сәтті өтті.

Сайлау – әр азаматтың ел болашағына деген көзқарасын білдіруге мүмкіндік беретін маңызды қоғамдық үдеріс. Бұл жолғы сайлау да азаматтардың белсенділігімен, жауапкершілігімен және өз таңдауына деген саналы көзқарасымен ерекшеленді.

Жоғары оқу орнының оқытушысы ретінде мен үшін сайлаудың сәтті өтуімен қатар, азаматтардың қоғамдық өмірге деген қызығушылығы мен белсенділігі ерекше маңызды. Әсіресе, жастардың өз азаматтық ұстанымын қалыптастырып, елдің болашағына бейжай қарамай, қоғамдық үдерістерге қатысуы – қуанышты жағдай.

Сайлау – тек дауыс беру емес, ол өз таңдауымызға жауапкершілікпен қарау, елдің ертеңіне деген сенімімізді білдіру. Әрбір азаматтың белсенділігі қоғамның дамуына өз үлесін қосады.

Білім беру саласының өкілі ретінде жас ұрпақтың бойында азаматтық жауапкершілік, елжандылық, белсенділік және қоғамдық құндылықтарды қалыптастырудың маңыздылығын атап өткім келеді. Бүгінгі білімді әрі жауапты жастар – ертеңгі ел дамуының негізгі тірегі.

Сайлаудың сәтті өтуі – қоғамдағы азаматтық белсенділік пен жауапкершіліктің көрінісі. Еліміздің болашағы баянды, дамуымыз тұрақты, бірлігіміз берік болсын!

Филология факультеті

Шет тілдері кафедрасының

аға оқытушысы Л.М.Алиярова