Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы — ҚазҰУ

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы

1 сәуір 2026
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы

       «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ базалық жоғары оқу орны ретінде Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарында студенттердің жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу жөніндегі жыл сайынғы Республикалық байқауды өткізу туралы, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің 2026 жылғы 17 наурыздағы №14-0/1382-ВН хаты негізінде, екінші кезеңге конкурс құжаттарын қабылдау басталғанын хабарлайды.

Байқауға жұмыстар «Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу бойынша жыл сайынғы байқаудың ұсыныстары» талаптарына сәйкес 2026 жылдың 6 сәуірінен 5 мамырына дейін қабылданады.

Байқауға жұмыстарды белгіленген мерзімде тапсыруларыңызды сұраймыз:

  • Қағазда («СҒЗЖ Республикалық байқауына» белгісімен) мына мекенжайға: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, КеАҚ «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ».
  • Электронды пошта арқылы, e-mail: Akzhan.Kyrbassov@kaznu.edu.kz
    Байланыс тел: 8(727) 3773333, (іш:16-62).

Қосымшада:

1. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша жалпы ережелер.

2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының топтары бойынша оқу-әдістемелік секциялардың тізімі.

 

ҰСЫНЫМДАР.docx

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2026 жылға арналған студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары (СҒЗЖ) конкурсының білім беру бағдарламаларының тізбесі».docx