Ректор абаттандыру жұмыстарын тексерді — ҚазҰУ

Ректор абаттандыру жұмыстарын тексерді

24 тамыз 2026
Ректор абаттандыру жұмыстарын тексерді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев университет қалашығын абаттандыру және ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысын аралап көрді. 

Университет басшысына қалашық аумағын тазалау, жаяу жүргіншілер жолын ретке келтіру және жарықтандыру жүйелерін жаңарту бойынша атқарылып жатқан шаралар таныстырылды.

Жансейіт Түймебаев студенттер мен оқытушылар үшін қолайлы әрі жайлы орта қалыптастырудың маңыздылығына тоқталып, жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырма жүктеді. Атап айтқанда кампус аумағында студенттердің демалуына арналған жаңа орындарды көбейтуді, тозығы жеткен тас төсеніштерді жаңасына ауыстыруды, сондай-ақ оқу ғимараттары мен жатақханалар төңірегіне жасыл желектер мен жеміс ағаштарын отырғызуды міндеттеді. 

Ректор барлық жұмыстарды жаңа оқу жылы басталғанға дейін жоғары сапада аяқтауды тапсырды.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі