Жаңа оқу жылына дайындық барысы пысықталды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен жаңа 2026-2027 оқу жылына дайындық жұмыстарының барысы кешенді түрде қаралды.
Отырыста оқу ғимараттары мен аудиторияларды жаңа оқу жылына дайындау, оқу үдерісін және дәрістер кестесін тиімді ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету, қалашықтың инфрақұрылымын оқу жылына дайындау және қауіпсіздік шараларын күшейту бағыттары талқыланды.

Университет басшысы Жансейіт Түймебаев жауапты тұлғаларға барлық дайындық шараларын белгіленген мерзімде әрі жоғары сапада аяқтауды тапсырды. Ректор бірінші курстарды бейімдеу, жатақханамен қамту және оқу үдерісінің іркіліссіз өтуін қамтамасыз ету басты назарда болуы тиістігін баса айтты.

Жиын қорытындысы бойынша жауапты құрылымдарға нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын бақылауда ұстау жүктелді.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар