ПІКІР — ҚазҰУ

ПІКІР

28 тамыз 2026
ПІКІР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында сөйлеген сөзі – еліміздің бүгінгі жағдайы мен болашақ даму бағытын айқындайтын маңызды ой-тұжырымдарға толы болды. Мемлекет басшысы қоғамның бірлігі мен тұрақтылығын, елдің экономикалық және әлеуметтік дамуын, ұлттық құндылықтарды сақтау мен жас ұрпақтың тәрбиесін басты назарға алды.

Президенттің «Әділетті Қазақстан» құру жолындағы реформаларды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі туралы пікірі ерекше мәнге ие. Себебі елдің тұрақты дамуы тек мемлекеттік реформаларға ғана емес, әр азаматтың жауапкершілігіне, еңбекқорлығына және қоғам алдындағы белсенді ұстанымына байланысты.

Құрылтайдың негізгі мәні де – ел болашағына қатысты өзекті мәселелерді кеңінен талқылап, ортақ мақсат пен ұлттық мүдде төңірегінде қоғамды біріктіру. Мемлекет басшысының ұлттық бірлік, отансүйгіштік, білім мен ғылымның маңызы туралы айтқан ойлары қазіргі кезеңде аса өзекті деп есептеймін.

Президенттің сөзі әр азаматты ел тағдырына бейжай қарамай, Қазақстанның дамуына өз үлесін қосуға шақырады. Бірлігі бекем, білімді әрі жауапты қоғам қалыптастыру – мемлекетіміздің жарқын болашағының берік негізі.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың

Шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы

Бекмашева Б.Н.