Цукуба университеті студенттерінің жазғы мектебі сәтті аяқталды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Жапонияның Цукуба университетінен келген 30 студенттің қатысуымен өткен «Sustainable Tourism and Destination Futures» халықаралық жазғы мектебі өз жұмысын сәтті аяқтады.

Жазғы мектеп аясында студенттер тұрақты туризм, дестинацияларды басқару, экологиялық менеджмент және туристік инфрақұрылымды дамыту бағыттары бойынша теориялық және практикалық білім алды. Бағдарлама барысында қатысушылар Үлкен Алматы көліне, «Аюсай» визит-орталығына және Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне далалық сапарлар жасап, Орталық Азияның таулы аймақтарындағы туристік әлеуетпен танысты.

Бағдарламаның қорытынды кезеңінде студенттер далалық зерттеулер нәтижесінде әзірлеген туризмді тұрақты дамытуға бағытталған жобаларын қорғады. Жобаларда нақты дестинациялардың туристік әлеуетін тиімді пайдалану және оларды дамыту бойынша практикалық ұсыныстар ұсынылды.
Жазғы мектептің жабылу салтанатында қатысушыларға сертификаттар табысталып, бағдарлама қорытындыланды. Іс-шара студенттердің халықаралық академиялық және мәдени тәжірибе алмасуына, сондай-ақ Қазақстан мен Жапония жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға маңызды үлес қосты.
Жазғы мектепті География және табиғатты пайдалану факультетінің Рекреациялық география және туризм кафедрасы мен «PolyU–KazNU» Орталық Азиядағы тұрақты даму орталығы бірлесіп ұйымдастырды.

Басқа жаңалықтар