«Таза Қазақстан»: ҚазҰУ-да қайта өңделген заттардан арт-нысандар бой көтерді — ҚазҰУ

«Таза Қазақстан»: ҚазҰУ-да қайта өңделген заттардан арт-нысандар бой көтерді

29 тамыз 2026
«Таза Қазақстан»: ҚазҰУ-да қайта өңделген заттардан арт-нысандар бой көтерді

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті кампусында арнайы символдық арт-нысандар орнатылды. Жоба жастар арасында экологиялық мәдениетті орнықтыруға, табиғатты аялау санасын қалыптастыруға және университет қалашығының эстетикалық келбетін байытуға бағытталған.

Университет студенттері жиі жиналатын орталық аумаққа қойылған арт-композициялардың әрқайсысы терең идеологиялық мағынаға ие.

«Экотұлпар» композициясы – университет туын көкке көтерген тұлпар үстіндегі қыз мүсіні. Бұл білімге, инновацияға және жарқын болашаққа ұмтылған жас ұрпақтың көшбасшылық рухын айшықтайды.

«Таза әлем» глобусы – планетамызды қорғаудың, ғаламдық экологиялық жауапкершілік пен табиғи тепе-теңдікті сақтаудың маңыздылығын бейнелейді.

 

«Кітаптар композициясы» – ҚазҰУ-дың көпсалалы оқу ордасы екенін танытып, университеттегі ауқымды ғылыми-білім беру бағыттарын көрсетеді.

Бұл арт-нысандар металл қалдықтары мен істен шыққан бөлшектерді қайта өңдеу арқылы құрастырылған. Бастама студенттерге «Таза Қазақстан» акциясының негізгі идеясын – қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу және ресурстарды үнемдеу қажеттігін нақты тәжірибеде көрсетеді.

 

 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі