ЖАСТАР ТАҢДАУЫ
Мемлекеттік білім беру гранттарының саны бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті дәстүрлі түрде бірінші орынға ие болды. Осылайша, биылғы жылы мемлекеттік грант негізінде білім алатын Ұлттық университетінің студенттері 3071 жас талаппен толықты. Олардың көпшілігі «Алтын белгі», ерекше аттестат иегерлері, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары.
Халықаралық жоғары талаптарға сай заманауи білім беру бағдарламалары, білім берудің озық технологиялары, инфрақұрылымы дамыған бірегей студенттік кампус пен белсенді студенттік өмір жастарға сапалы білім алып, өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға жол ашпақ. ЖОО жалпы ұлттық рейтингінде көш бастап тұрған ҚазҰУ Қазақстан ЖОО арасында бірінші болып әлемнің технологиялық дамыған ең үздік 50 және әлемнің ең үздік 300 университетінің тізіміне енді. Аталмыш көрсеткіш әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналғалы отырған оқу ордасы үшін таңдаған бағытның дұрыстығының дәлелі.
Биылғы оқу жылында талапкерлер мамандық таңдауда гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағытына басымдық берген. Радиотехника, электроника және телекоммуникация, ақпараттық жүйелер, автоматтандыру және басқару, биотехнология, аударма ісі, халықаралық қатынастар, заң, қаржы, есеп және аудит, экономика және халықаралық құқық мамандықтарына сұраныс жоғары.
Жұмыс берушілердің ҚазҰУ түлектерінің кәсібилігін жоғары бағалауы Ұлттық университет үшін ерекше мақтаныш. Түлектердің сұранысқа ие табысты маман болуы университет қызметінің негізгі көрсеткіші.
Басқа жаңалықтар
25 қараша, 2024
25 қараша, 2024
25 қараша, 2024