География және табиғатты пайдалану факультетінде жаңа оқу жылындағы Ғылыми кеңестің алғашқы отырысы өтті — ҚазҰУ

География және табиғатты пайдалану факультетінде жаңа оқу жылындағы Ғылыми кеңестің алғашқы отырысы өтті

31 тамыз 2026
География және табиғатты пайдалану факультетінде жаңа оқу жылындағы Ғылыми кеңестің алғашқы отырысы өтті

2026 жылғы 31 тамызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінде 2026-2027 оқу жылындағы Ғылыми кеңестің алғашқы отырысы өтті.

Отырысты ашқан факультет деканы профессор-оқытушылар құрамын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, ұжымға табысты әрі жемісті еңбек, жаңа ғылыми және білім беру жетістіктерін тіледі.

 

 

Отырыс барысында факультеттің алдағы оқу жылындағы негізгі қызмет бағыттары қарастырылды. Ғылыми кеңес мүшелері оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының жоспарын талқылап, кафедралардың басым міндеттері мен факультеттің алдағы жұмысының негізгі бағыттарын айқындады.

Отырыста университеттің стратегиялық дамуы және оның әлемдік академиялық кеңістіктегі позициясын нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Стратегиялық даму орталығының директоры Жандос Байжума «ТОП-150 қатарына кіру жолдары. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың QS WUR халықаралық рейтингіндегі позицияларын талдау және ТОП-150-ге дейінгі алшақтықты қысқарту стратегиясы» тақырыбында баяндама жасады.

 

 

Өз баяндамасында Жандос Байжума университеттің QS World University Rankings рейтингіндегі позицияларының динамикасына талдау жасап, ҚазҰУ-дың әлемнің үздік ТОП-150 университетінің қатарына кіру стратегиялық мақсатына қол жеткізудің негізгі жұмыс бағыттарын атап өтті.

Баяндама аясында университеттің QS WUR рейтингіндегі орнын айқындайтын негізгі индикаторлар жан-жақты қарастырылды. Олардың қатарында академиялық бедел, бір оқытушыға шаққандағы ғылыми жарияланымдардың дәйексөз көрсеткіші, жұмыс берушілер арасындағы бедел, оқытушылар мен студенттер арақатынасы, түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштері, шетелдік студенттер мен оқытушылардың үлесі, халықаралық ғылыми-зерттеу желісі және тұрақты даму көрсеткіштері бар.

 

 

Ғылыми жарияланымдардың сапасы мен олардың дәйексөз алу көрсеткішін арттыруға, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге, шетелдік серіктестермен, жұмыс берушілермен және түлектермен өзара байланысты нығайтуға ерекше назар аударылды. Стратегиялық бағыттардың бірі ретінде профессор-оқытушылар құрамының Q1-Q2 санатындағы журналдарда жарияланатын ғылыми мақалаларының үлесін арттыру міндеті белгіленді.

Талқылау барысында университеттің халықаралық танымалдығын арттыруға және ғылыми қызметтің нәтижелілігін күшейтуге бағытталған факультеттер мен кафедралар үшін нақты міндеттер айқындалды. Шетелдік академиялық серіктестермен тұрақты байланыстарды дамытуға, халықаралық ынтымақтастық географиясын кеңейтуге, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруға және бірлескен жарияланымдар санын арттыруға ерекше мән берілді. Іс-шара соңында сұрақ-жауап сессиясы өткізіліп, оның барысында қатысушылар талқыланған мәселелер бойынша түсіндірмелер алып, өз ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік алды.

 

 

Ғылыми кеңестің алғашқы отырысында География және табиғатты пайдалану факультетінің 2026-2027 оқу жылына арналған негізгі жұмыс бағыттары айқындалды. Белгіленген міндеттерді жүзеге асыру факультеттің білім беру және ғылыми қызметін одан әрі дамытуға, сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететін болады.