Жатақханадағы қауіпсіздік пен тәртіп: студенттермен кездесу — ҚазҰУ

Жатақханадағы қауіпсіздік пен тәртіп: студенттермен кездесу

31 тамыз 2026
Жатақханадағы қауіпсіздік пен тәртіп: студенттермен кездесу

№4 және №15 студенттер үйлерінде География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының кураторлары Құрбанқожа Н. және Есболған Б. студенттермен кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты – жатақханада жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру, ішкі тәртіп ережелерін сақтау және студенттер арасында өзара сыйластықты нығайту.

Кездесу барысында студенттерге жатақханада тұрудың негізгі ережелері, олардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді. Сонымен қатар күнделікті өмірде жиі кездесетін мәселелерге, атап айтқанда тазалықты сақтау, тыныштық режимін бұзбау және ортақ орындарға ұқыпты қарау қажеттілігіне назар аударылды.

Кураторлар әсіресе қауіпсіздік мәселесіне тоқталды. Электр құралдарын дұрыс пайдалану, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, қауіпті және тыйым салынған заттарды жатақханаға әкелмеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ студенттерге жатақханадағы тәртіпті бұзудың салдары, мүлікке ұқыпты қараудың маңыздылығы және өзге студенттердің тыныштығы мен жеке кеңістігін құрметтеу қажеттілігі айтылды.