Факультетке қош келдің, студент! — ҚазҰУ

Факультетке қош келдің, студент!

1 қыркүйек 2026
Факультетке қош келдің, студент!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде 1-курс студенттеріне арналған факультет жұмысымен таныстыру және бейімдеу іс-шарасы өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жаңадан қабылданған студенттерді факультеттің тарихымен, білім беру үдерісінің ерекшеліктерімен, кафедраның ғылыми және оқу-әдістемелік бағыттарымен таныстыру, сондай-ақ олардың университет өміріне бейімделуіне қолдау көрсету болды.

Кездесуге филология ғылымдарының докторы, профессор А.Б. Салқынбай, филология ғылымдарының докторы, профессор Д.А. Алкебаева және филология ғылымдарының кандидаты, ассистент-профессор К.Қ. Куркебаев қатысып, студенттерге мазмұнды дәрістер оқыды. Ғалымдар факультеттің қалыптасу тарихы, оның ғылыми-білім беру саласындағы орны мен жетістіктері, А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының қызметі және қазақ тіл білімінің өзекті бағыттары туралы жан-жақты мәлімет берді.

 

Сонымен қатар 1-курс студенттеріне университеттегі студенттердің ар-намыс кодексінің негізгі қағидалары мен талаптары түсіндіріліп, академиялық адалдық мәдениеті, білім алушылардың құқықтары мен міндеттері туралы кеңінен айтылды. Академиялық саясаттың негізгі ережелері таныстырылып, оқу үдерісін ұйымдастыру тәртібі, бағалау жүйесі және студенттік өмірге қатысты маңызды мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, профессор-оқытушылар құрамынан жан-жақты жауап алды. Ашық пікір алмасу түрінде өткен іс-шара жас студенттердің университеттік ортаға тез бейімделуіне, өз мамандығына деген қызығушылығын арттыруға және академиялық ортадағы жауапкершілігін терең түсінуіне ықпал етті.