“Білімділер додасы” интеллектуальдық викторина
01.09.2026 жылы, 1 қыркүйек – Білім күніне орай, Экономика және Бизнес Жоғары Мектебінде Логистика мамандығының 4 курс студенттері арасында «Білімділер додасы: 4-курс — интеллектуалдық арена» тақырыбында интеллектуалды ойын-викторина ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің білімге деген қызығушылығын арттыру, логикалық және аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту, таным көкжиегін кеңейту, сондай-ақ командалық жұмыс пен салауатты бәсекелестік ортаны қалыптастыру.
Интеллектуалды ойын барысында студенттер түрлі бағыттағы сұрақтарға жауап беріп, өздерінің білім деңгейін, эрудициясын, тапқырлығы мен жылдам ойлау қабілеттерін көрсетті. Қатысушылар ойынның барлық кезеңдеріне белсенді қатысып, өзара білім жарысына түсіп, ерекше белсенділік танытты.
Іс-шара жаңа оқу жылын мазмұнды әрі қызықты бастауға мүмкіндік беріп, білімнің, үздіксіз ізденіс пен интеллектуалдық дамудың маңыздылығын айқындады.
Қатысушылар: Логистика мамандығының 4 курс студенттері
Жетекші: Маулина Н.Х.
Басқа жаңалықтар