- Басты бет
- Жаңалықтар
- Метеорология және гидрология білім беру бағдарламаларының 1-курс студенттерімен таныстыру кездесуі өтті
Метеорология және гидрология білім беру бағдарламаларының 1-курс студенттерімен таныстыру кездесуі өтті
2026 жылғы 1 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінде «Метеорология» және «Гидрология» білім беру бағдарламаларының 1-курс студенттеріне арналған таныстыру кездесуі өтті.
Кездесу барысында студенттер университеттің, География және табиғатты пайдалану факультетінің және Метеорология және гидрология кафедрасының құрылымымен және басшылығымен танысты. Факультет деканы мен кафедра меңгерушісі бірінші курс студенттерін жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, алдағы оқу үдерісіне сәттілік тіледі.

Іс-шара аясында университет туралы бейнеролик көрсетіліп, факультет пен кафедра қызметінің негізгі бағыттары таныстырылды. Сонымен қатар студенттерге 6B05204 – «Метеорология» және 6B05203 – «Гидрология» білім беру бағдарламалары, оқу траекториясы және кәсіби даму мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.
Кездесудің маңызды бөліктерінің бірі профессор А.В. Чередниченконың көшбасшылық дәрісі болды. Дәріс барысында гидрометеорология саласындағы заманауи кәсіби мүмкіндіктер, болашақ маманға қажетті дағдылар және қазіргі жаһандық сын-қатерлер туралы айтылды. Атап айтқанда, климаттың өзгеруі, су қауіпсіздігі, қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстар, үлкен деректер мен сандық модельдеу мәселелеріне назар аударылды.
.jpeg)
Іс-шара соңында бірінші курс студенттері өз кураторларымен кездесіп, оқу үдерісі мен студенттік өмірге қатысты қажетті ақпарат алды. Кездесу жаңа студенттердің университеттік ортаға бейімделуіне және таңдаған мамандықтарының кәсіби мүмкіндіктерімен жақынырақ танысуына бағытталды.
Басқа жаңалықтар