2026 жылдың 3 қыркүйек күні шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған дәстүрлі іс-шаралар өткізді. Кураторлық сағаттар қазақ және орыс тілдерінде өтті.
Оқытушылар шетелдік студенттерді ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсыновтың туған күнінде атап өтілетін мерекемен таныстырды.
Биылғы жылы барлық тәрбие іс-шараларының ортақ тақырыбы: "Тіл-халықтың рухани мұрасы" деп аталды.
Ашық кураторлық сағаттардың тақырыптары:
1. «Ахмет Байтұрсынов - ұлт ұстазы»
2. «Язык – духовное наследие народа»
Куратор-эдвайзерлер А.Байтұрсыновтың қазақ тілінің дамуына қосқан үлесі туралы бейнематериалдарды көрсетті, сондай-ақ Корея, Қытай, Иран, Америка студенттерін осы мерекенің шығу тарихымен таныстырды.
Іс-шаралардың соңында тәлімгерлер студенттердің сұрақтарына жауап беріп, естелік суретке түсті.
Өткізілген іс-шаралар қорытындысы бойынша әлеуметтік желілерде, сондай-ақ баспасөзде имидждік мақалалар жарияланды.
Перевод на рус
Басқа жаңалықтар