1-курс студенттеріне арналған кампус-тур ұйымдастырылды — ҚазҰУ

1-курс студенттеріне арналған кампус-тур ұйымдастырылды

31 тамыз 2026
1-курс студенттеріне арналған кампус-тур ұйымдастырылды

Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің 1-курс студенттеріне арналған кампус-тур ұйымдастырылды

2026 жылғы 31 тамызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Бағдар беру апталығы аясында Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің 1-курс студенттеріне арналған кампус-тур ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – жаңа қабылданған студенттерді университет қалашығымен, оның инфрақұрылымымен және білім алушыларға ұсынылатын мүмкіндіктермен таныстыру.

Кампус-тур барысында студенттер әл-Фараби кітапханасына, ҚазҰУ музейіне, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығына (СҚКО) және ҚазҰУ Хабына барды.

Студенттер әл-Фараби кітапханасының оқу залдарымен және электрондық ресурстарымен танысып, университет музейінде ҚазҰУ-дың тарихы мен жетістіктері туралы ақпарат алды. Сонымен қатар «Керемет» СҚКО-ның қызмет көрсету бағыттарымен танысып, студенттерге көрсетілетін негізгі қызметтер туралы мәліметтермен бөлісті.

ҚазҰУ Хабында студенттерге жастарға арналған заманауи кеңістік, студенттік бастамалар мен жобаларды жүзеге асыруға арналған мүмкіндіктер таныстырылды.

Кампус-тур барысында студенттер университеттің академиялық және әлеуметтік ортасы туралы пайдалы ақпарат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Іс-шара 1-курс студенттерінің университет өміріне бейімделуіне және ҚазҰУ-дың мүмкіндіктерімен жақынырақ танысуына ықпал етті.