1-курс докторанттарымен өткізілген ұйымдастыру жиналысының ақпараттық есебі.
Өткізілген күні мен уақыты: 2026 жылғы 4 қыркүйек, сағат 10:00
Өткізілген орны: Филология факультеті, 3-2 дәрісхана, академик Ә.Т. Қайдаров атындағы Түркітану орталығы
Ұйымдастырушы: Түркітану және тіл теориясы кафедрасы
Күн тәртібі: 1-курс докторанттарын кафедра басшылығымен, профессор-оқытушылар құрамымен және отандық ғылыми кеңесшілермен таныстыруға арналған ұйымдастыру жиналысы.
Жиналыстың барысы мен қатысушылар
2026 жылғы 4 қыркүйекте сағат 10:00-де академик Ә.Т. Қайдаров атындағы Түркітану орталығында (3-2 дәрісхана) Түркітану және тіл теориясы кафедрасының 2026–2027 оқу жылына PhD докторантура білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түскен білім алушыларға арналған салтанатты ұйымдастыру жиналысы өтті.
Жиынды Түркітану және тіл теориясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Раушангүл Амирдинқызы Авакова ашып, жүргізді. Раушангүл Амирдинқызы докторанттарды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың докторантурасына сәтті түсулерімен құттықтап, кафедраның ғылыми-зерттеу бағыттары мен академик әлеуетін таныстырды.
Жиналысқа кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмыстарына жауапты орынбасарлары қатысты:
Күзембекова Жанна Жалайырқызы - PhD, қауымдастырылған профессор , кафедра меңгерушісінің тәрбие және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары;
Қудьярова Шолпан Таубайқызы - аға оқытушы, кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары;
Исмаилова Нұргүл Ахметханқызы - PhD, аға оқытушы, кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары;
Ибраева Жанар Құлматқызы - PhD, кафедра доценті.
Сондай-ақ алқалы жиынға кафедраның жетекші ғалымдары мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты:
Бектемирова Сауле Бекмұхамедқызы - филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор;
Таусоғарова Аяужан Қайратқызы - филология ғылымдарының кандидаты, кафедраның доцент, профессор-зерттеуші;
Қондыбаева Раушан Жұмакерімқызы - PhD докторы, кафедраның аға оқытушысы / доцент м.а.;
Елубаева Перизат Келдібайқызы - PhD докторы, проффесор м.а.;
Жамбылқызы Марина - PhD, кафедраның доцент м.а.
Докторантураның даярлау бағыттары
Кездесуге кафедраға қарасты үш негізгі мамандық пен білім беру бағдарламасы (БББ) бойынша 1-курсқа қабылданған докторанттар қатысты:
8D02302 - «Түркітану»
Түркі тілдері, жазба жәдігерлер, лингвокультурология және салыстырмалы-тарихи тіл білімін кешенді зерттеуге бағытталған.8D01702 - «Шетел тілі: екі шетел тілі»
Заманауи лингводидактика, шетел тілдерін оқыту методикасы мен пәнаралық коммуникация саласындағы жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауды көздейді.8D02301 - «Лингвистика» (Тіл білімі)
Іргелі және қолданбалы лингвистика, тіл теориясы, салғастырмалы-типологиялық зерттеулер, когнитивті лингвистика және дискурс-анализ парадигмаларын қамтиды.
Негізгі мәселелер мен жиналыс қорытындысы
Жиналыс барысында кафедра ғалымдары докторанттарға диссертациялық зерттеулерге қойылатын талаптар мен ғылыми бағыттарды баяндады.
Күн тәртібінде қаралған басты мәселелер:
Ғылыми басшылықпен танысу: Докторанттар өздерінің ғылыми зерттеу тақырыптарының бағытын таныстырып, отандық және шетелдік ғылыми кеңесшілерді бекіту мәселелері талқыланды.
Академиялық күнтізбе мен зерттеу жоспары: Кафедра басшылығы білім алушыларды оқу процесінің құрылымымен, ҒЗЖ барысымен және ҚР ҒЖБМ ҒЖБСӨҚК ұсынған басылымдарда, сондай-ақ Scopus / Web of Science халықаралық дерекқорларында мақала жариялау талаптарымен таныстырды.
Халықаралық ынтымақтастық: Докторанттардың міндетті шетелдік ғылыми тағылымдамасы мен әлемнің жетекші университеттерінен шетелдік кеңесшілерді тарту мәселелері сөз болды.
Игі шара өзара түсіністік пен академикалық мазмұнда өтті. Жиналыс соңында кафедра басшылығы мен профессорлар докторанттардың сұрақтарына жауап беріп, олардың ғылыми жолына сәттілік пен зор жетістіктер тіледі.
Басқа жаңалықтар