Қ. Кемеңгерұлының тілтанымдық мұрасына арналған көшбасшылық дәріс өтті. — ҚазҰУ

Қ. Кемеңгерұлының тілтанымдық мұрасына арналған көшбасшылық дәріс өтті.

4 қыркүйек 2026
Қ. Кемеңгерұлының тілтанымдық мұрасына арналған көшбасшылық дәріс өтті.

2026  жылы 4 қыркүйекте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Әл-Фараби кітапханасындафилология ғылымдарының докторы Орынай Жұбайдың «Қ.Кемеңгерұлының тілтанымдық мұрасы: дәстүр мен сабақтастық» тақырыбындағы көшбасшылық дәрісі өтті.

Дәріс барысында Қошке Кемеңгерұлының қазақ тіл білімінің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі, ғалымның тілтанымдық көзқарастары және оның ғылыми мұрасының қазіргі қазақ лингвистикасымен сабақтастығы сөз болды.

Орынай Жұбай Қ.Кемеңгерұлы еңбектеріндегі тілдік мәселелерге, ғылыми тұжырымдарға және ұлттық тіл білімінің дамуындағы жаңашыл идеяларға тоқталды. Ғалым мұрасын тарихи және қазіргі ғылыми парадигмалар аясында зерделеудің маңызы атап өтілді.

 

Іс-шара барысында Қ.Кемеңгерұлының немересі Гүлнар Кемеңгерова Әл-Фараби кітапханасының қорына сыйға кітап тапсырды. Көшбасшылық дәріске оқытушылар, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты. Іс-шара соңында қатысушылар тақырыпқа қатысты пікір алмасып, сұрақтарын қойды.